Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тараз қаласының прокуратурасы "Т" ЖШС қызметін тексеру барысында тұрғын үйді күрделі жөндеуге жасалған келісімшартта тұрғындардың қолтаңбалары қолдан жасалғанын анықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Заңнамаға сәйкес, кондоминиум нысанының ортақ мүлкін жөндеу үшін мердігерді таңдау құқығы тұрғындарға тиесілі. Алайда бұл жағдайда тұрғындар мердігерді таңдауға қатыстырылмаған.
Аталған дерекке байланысты 2 шілдеде Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар тексеріс барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға бөлінген 59 млн теңгенің негізсіз жұмсалғаны белгілі болды. Бұл факт ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігімен тіркеліп, істі тергеу Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.