| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тараз қаласында әйел екі жасар ұл мен төрт жасар қызын бесінші қабаттан лақтырып жіберді. Балалар жедел түрде ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша:
Төрт жасар қыз аралас жарақаттармен, жабық бас ми жарақатымен, ми ісігімен және жамбас сүйегінің сынуымен түсті. Дәрігерлер толық тексеру жүргізіп, томография жасады. Қызға ісікті азайтатын терапия басталды, қажет болса операция жоспарланған.
Екі жасар ұл жабық бас ми жарақаты және ми ісігімен түсті. Диагностикалық шаралар жасалып, ем шаралары басталды.
Аймақтық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.