Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тараздағы жарылыс кезінде мерт болған сарбаздың сүйегі табылды
Жаңалықтар

Тараздағы жарылыс кезінде мерт болған сарбаздың сүйегі табылды

01.12.2022
1 мин
0
1383

Қазір ақпаратты оңтүстік әскери қолбасшылығы Тараз гарнизоны растады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Естеріңізде болса, 2021 жылы тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймасында жарылыс болған еді. Салдарынан 17 адам қаза тауып, 1 адам ізім-ғайым жоғалған болатын. Кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевті іздестіру жұмыстары 1 жылдан астам уақытқа созылды. Марқұм әскери бөлімге жақын маңайдағы Базарбай ауылының тумасы.

Жарылыс болған аймақта шашылған сүйек пен киім қалдықтары табылған. Енді сүйекке жасалған сараптама нәтижесі жоғалған азаматқа толық сәйкес келіп отыр. Марқұмның ет-жақындары күні бүгінге дейін күдік пен үміт ортасында күн кешіп келген еді. Іздестіру кезінде түрлі нұсқалар айтылып, "тірі жүр" -  деген де ақпарат тараған-ды. Айта кетейік, ертең 1 желтоқсан күні Бауыржан Дәуітбаевты жерлеу рәсімі өтпек. 

Еске салсақ, 26 тамызда болған жарылыс кезінде 35 аула, 12 кәсіпкерлік нысан бүлінген болатын. Маңайдағы қос ауыл эвакуацияланды. Қирандыларды қайта қалыпқа келтіру үшін жергілікті әкімдік 430 млн тг-ден астам қаржы бөлген еді.

 

inbusiness.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл