Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тауар таңбасын тіркеу жеделдетіледі
Жаңалықтар

Тауар таңбасын тіркеу жеделдетіледі

23.04.2025
1 мин
0
81
Сурет: aqmeshit-zhastary.kz

Зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі заң жобасында таңбаларды тауар белгілері ретінде сараптау мен тіркеуді жеделдету нормасы қарастырылған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алдын ала сараптама жүргізу мерзімін өтініш берілген күннен бастап бір айдан 10 жұмыс күніне дейін, ал толық сараптама жүргізу мерзімін жеті айдан үш айға дейін қысқарту ұсынылады. Бұл дамушы брендті пайдаланудан пайда табуға байланысты үшінші тұлғалар тарапынан болатын жосықсыз іс-қимылдардың алдын алуға көмектеседі.

Сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдерді дараландыру құралдары мен өнеркәсіптік меншік объектілері бойынша мамандандыру енгізіледі. Оның болмауы қазіргі уақытта зияткерлік меншіктің жекелеген салаларында, әсіресе техникалық күрделі салаларда сараптамалардың шектелуіне әкеледі.

Түзетулер тауар белгілерін тіркеуден бас тарту негіздерін де нақтылайды. Мысалы, 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына сәйкес, Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі одақ елдерінің туларының, елтаңбаларының және эмблемаларының жеке элементтерін қамтитын белгілер тауар белгісі ретінде тіркелмейді. Сондай-ақ формальды сараптама сатысында өнертабысқа патент беруден бас тарту мүмкіндігін белгілейтін жеке ереже де қарастырылған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл