Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын кімдер ала алады?

21.07.2021
1 мин
18
16065

Елімізде "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына өтінім қабылдау басталды. Жобаға құжаттарды қабылдау 20 қыркүйекке дейін жалғасады. Аталмыш гранттарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 жобаға 3 млн теңгеден беруді Мемлекет басшысы ұсынған. Жоба мақсаты - ғылым, медиа, бизнес, мәдениет және IT саласындағы 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтарға қолдау білдіріп, өз жобасын дамытуға мүмкіндік беру.

Грант конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:

  • "Ғылым" – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
  • "Мәдениет" – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
  • "Ақпараттық технологиялар" – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
  • "Бизнес" – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
  • "Медиа" – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

Өтінімде:

  • жобаның сипаттамасы;
  • жобаның бейне таныстырылымы (алпыс секундтан аспайды);
  • шығыстар сметасының жобасы;
  • зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуға тиіс.

Грант жеңіп алған адам үш айда бір рет жобаның іске асырылу барысы туралы уәкілетті органға есеп ұсынады. Уәкілетті орган күнтізбелік бір жыл ішінде грант қаржысының мақсатты пайдаланылуын қадағалайды.

Егер жеңімпаз грантты мақсатты түрде пайдаланбаса, уәкілетті орган одан грант ақшасын қайтаруды талап етуге құқылы. Грант алушы қаражатты  уәкілетті органнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қайтаруға тиіс. Белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда, олар заңнамаға сәйкес өндіріп алынады.

Үміткерлердің өтінімдері Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі» мекенжайы бойынша қабылданады. Байланыс нөмірлері: 8 7172 74-05-25, 8-705-822-33-33.
 

 


 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
300
18 Пікір
А
Асел 30.04.2024
Биыл Ақтөбе облысында қашан болады екен ?
Жауап беру
Н
Нурлан 16.10.2023
Уакыт отип кеткен жокпа,улгеремизба
Жауап беру
А
Аяна. 11.10.2023
Уакыт отип кеттима, биыл улгирмеймизба
Жауап беру
А
Аяна. 11.10.2023
Уакыт отип кеттима, биыл улгирмеймизба
Жауап беру
А
Алибек Онал 03.07.2023
Шымкентте бар ма?
Жауап беру
А
Айгерим 14.02.2022
Орал қаласында Казталов ауд барма
Жауап беру
Н
Нұрбибі 12.08.2021
Қызылордада барма бұл грант?
Жауап беру
Г
Гулстан 14.08.2021
Я бар арсенал дагы цонда 2этажы
Жауап беру
У
Улбосын 24.07.2021
Жетісай қаласында барма бұл грант? Қатысуға болама?
Жауап беру
Р
Рысбек Бахытгул 22.07.2021
Менің қызым кориада оқиды қатысуға болама
Жауап беру
И
Индира 22.07.2021
Шіркін біздің кезіміз де бұл сияқты грандтар болмады гой. Ал жастар алға. Барлықтарыңызға сәттілік. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар
Жауап беру
Д
Дана 22.07.2021
Грант баска калаларда откызылема или тек бас каладагы тургындар катысама
Жауап беру
Г
Гулнара 22.07.2021
Буйырсын
Жауап беру
А
Айгуль 21.07.2021
Көп балалы және асыраушым жоқ анамын қалай алла аламын
Жауап беру
Г
Гүлім 21.07.2021
Грант талдыкорган каласында барма?
Жауап беру
Г
Гулнар 21.07.2021
Актобе каласы бойынша катысы аламында
Жауап беру
Н
Назгуль 21.07.2021
Менде көп балалы анамын қандай жолмен аламын
Жауап беру
Ж
Жанылсын 21.07.2021
Коп балалы анамын Кандай жолмен уй ада алам
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл