Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Депутат мектептегі тегін тамақтану тарифтерін шұғыл қайта қарауды ұсынды
Жаңалықтар

Депутат мектептегі тегін тамақтану тарифтерін шұғыл қайта қарауды ұсынды

09.02.2026
мин
2
421
Сурет: qaz365.kz

Мектеп оқушыларын тегін тамақтандыру жүйесі қаржыландыру тапшылығына тіреліп отыр. Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякованың айтуынша, жаңа стандарттар енгізілгенімен, тарифтер қайта қаралмаған. Бұл жағдай кей өңірлерде тегін тамақтың тоқтап қалу қаупін күшейтуде, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Қазақстанда мектеп оқушыларын тегін тамақпен қамтуға арналған жаңа стандарттар қолданысқа енгізілді. Алайда бұл өзгерістер тиісті қаржымен сүйемелденбеген. Осы мәселені Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова «Respublica» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында көтерді.

Депутаттың айтуынша, жаңа стандарттар мәзір сапасына, санитарлық талаптарға және тамақ дайындау технологиясына қойылатын талаптарды айтарлықтай күшейткен. Соған қарамастан, бір оқушыға бөлінетін қаржы көлемі бұрынғы деңгейде қалған.

- Талаптар артты, шығын көбейді, бірақ тариф өзгерген жоқ. Инфляция мен салық жүктемесін ескерсек, бұл жағдай экономикалық тұрғыдан тұрақсыз, – деді Смолякова.

Оның сөзінше, мектептерді тамақпен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлер үшін бұл үлкен тәуекелге айналып отыр. Жаңартылған стандарттарды орындау қосымша шығынды талап етеді, ал бұрынғы тарифпен жұмыс істеу шығынға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда тағам сапасының төмендеуі немесе қызметтің тоқтауы қаупі бар.

Депутат аталған мәселе бойынша Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдап, бірқатар талқылаулар өткізгенін айтты. Ол кәсіпкерлермен, салалық қауымдастықтармен, мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесіп, өңірлердегі жағдайды зерделеген.

Нәтижесінде кейбір облыстарда мәселе жергілікті деңгейде шешімін тапқаны белгілі болды. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола және Қостанай облыстарында тарифтер қосылған құн салығын ескере отырып қайта қаралған. Бұл кәсіпкерлердің шығынға батпауына және оқушыларды сапалы тамақпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген.

Алайда көптеген өңірде тарифтерді есептеу мәселесі әлі де өзекті. Талдау көрсеткендей, кәсіпкерлердің аз бөлігі ғана ҚҚС төлеуші бола тұра, тариф барлығына бірдей ҚҚС-ты ескеріп белгіленген. Бұл әділетсіздік тудырып, саладағы тұрақтылыққа қауіп келтіреді.

Смолякованың айтуынша, мәселені шешу үшін тарифтерді ҚҚС-ты ескере отырып қайта қарау қажет. Бұл қосымша бюджет қаражатын талап етпейді, бастысы – қаржыны әділ әрі дұрыс бөлу.

Еске сала кетейік, депутаттың сөзінше, басты мақсат – еліміздің барлық өңірінде әрбір баланың қауіпсіз әрі сапалы тағаммен қамтамасыз етілуі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
А
Айгерим 09.02.2026
Сол мектептегі тегин тамақтандыру кереги жоқ құр ақша құрту ысырап қана. Сиз билсенизгой сол тармақтардың жартысынан коби мусорга кетип жатқанын. 3-4 сағатқа бала аштан олмейдигой. Дымга да кереги жоқ. Өте ысырап болып жатыр. Обал ай
Жауап беру
М
Майра 09.02.2026
Тегин емес ,счетымызга акша тусед сол акшаны кайта кайтарып беремиз гой 10мын ,12мын дегендей.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл