469.83
536.83
5.97
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Теміртау маңында қарасора өсірген 19 жастағы тұрғын ұсталды: 125 түп есірткі өсімдігі тәркіленді
Жаңалықтар

Теміртау маңында қарасора өсірген 19 жастағы тұрғын ұсталды: 125 түп есірткі өсімдігі тәркіленді

17.07.2026
мин
0
61

Теміртау маңында қарасора өсірген 19 жастағы тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қарағанды облысында полицейлер заңсыз есірткі өсірумен айналысқан кезекті жылыжайдың қызметін тоқтатты. Теміртау қаласына жақын орналасқан елдімекендердің бірінде жүргізілген жедел іс-шара барысында көкөніс өсіруге арналған жылыжайдың есірткі құрамды өсімдіктерді баптайтын орынға айналғаны анықталды. Аталған іс-шара есірткінің заңсыз айналымына қарсы бағытталған «Қарасора — 2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілді.

Теміртау қаласы полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері мен Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде 19 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

– Жеке тұрғын үйдің аумағын тексеру барысында үй іргесіндегі жер телімінен және арнайы жабдықталған жылыжайдан қарасора тектес есірткі құрамды 125 түп өсімдік анықталды. Сонымен қатар тінту кезінде шаруашылық құрылыстарының бірінен өсімдік тектес кептірілген есірткі заттары мен тіркелмеген аңшылық мылтық тәркіленді. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті қарасораны арнайы жасалған жағдайларда өздігінен өсіріп келген, – деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігіне сәйкес құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті жүйелі түрде жалғастырып, мұндай қылмыстарды анықтау, жолын кесу және тергеп-тексеру бағытындағы жұмыстарды күшейте береді. «Қарасора — 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасының өткізілуі ерекше бақылауда, ал есірткі қылмысына қарсы күрес – ішкі істер органдары қызметінің негізгі басымдықтарының бірі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл