Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарда қауіпсіздік пен тәртіп сақтау — әрбір жолаушының міндеті екенін еске салды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Компания барлық жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар әрекеттерге қатаң тыйым салынатынын хабарлады.
Атап айтқанда, пойыздарда:
1. Билетсіз жүруге;
2. Балаларды құжатсыз алып жүруге;
3. Тиісті төлемсіз және рәсімсіз багажды тасымалдауға;
4. Құжатсыз жануарларды алып өтуге;
5. Шылым мен электронды темекі шегуге;
6. Төтенше жағдайсыз стоп-кранды іске қосуға;
7. Есірткі, жарылғыш және өткір заттарды тасымалдауға;
8. Агрессия көрсетуге немесе жанжал шығаруға;
9. Пойыз жүріп бара жатқанда түсуге;
10. Вагонды ластауға немесе мүлікті бүлдіруге;
11. Алкоголь ішуге (мейрамхана-вагоннан басқа жерде) — қатаң тыйым салынады.
Бұл талаптарды бұзған жағдайда жолаушыға әкімшілік шара қолданылып, келесі станцияда пойыздан түсірілуі мүмкін.
Қызмет сапасына қатысты шағым немесе ұсыныстарды жолаушылар:
• WhatsApp арқылы +7 776 714 5686 нөміріне;
• Вагондардағы QR-код арқылы;
• 1433 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы жолдай алады.
Компания бұл ережелердің "Теміржол көлігімен жолаушылар, багаж және жүк-багажды тасымалдау қағидаларына" сәйкес бекітілгенін атап өтті. "Жолаушылар тасымалы" АҚ барлық жолаушыларды белгіленген тәртіпті қатаң сақтауға шақырды.