Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Теңгемен салынған депозиттердің мөлшерлемесі өсті
Жаңалықтар

Теңгемен салынған депозиттердің мөлшерлемесі өсті

26.07.2022
1 мин
0
2057

Қазақстан Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесін ұлғайтқаннан кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың шілде және тамыз айлары үшін барлық депозиттік желі бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелерді көтерді.

Өзгерістер 2022 жылдың 26 шілдесінде күшіне енеді, сол күннен бастап банктер депозиттік өнімдері бойынша пайыздық мөлшерлемелерін қайта қарауға құқылы.

Айта кетейік, жақында Қазақстан Ұлттық банкі инфляцияның жоғары көрсеткіштеріне байланысты базалық мөлшерлемені 14 проценттен 14,5 процентке көтеру туралы шешім қабылдаған болатын.

Осылайша шілде-тамыз айларында толықтырылмайтын және толықтырылатын депозиттердің мерзімсіз түрінде проценттік мөлшерлеме 14%-і құрайды.

Ал толықтырылмайтын, бірақ мерзімді депозитте шілде-тамыз айына:

3 ай мерзімдегі депозитте – 14,5%;

6 ай мерзімдегі депозитте – 14,5%;

12 ай мерзімдегі депозитте – 14%;

24 ай мерзімдегі депозитте – 9,9%;

Егер депозит толықтырылатын әрі мерзімді болса:

3 ай мерзімдегі депозитте – 14%;

6 ай мерзімдегі депозитте – 14%;

12 ай мерзімдегі депозитте – 13,7%;

24 ай мерзімдегі депозитте – 9,7%;

Жинақ депозиттерінің толықтырылмайтын түрінде:

3 ай мерзімдегі депозитте – 15,5%;

6 ай мерзімдегі депозитте – 16%;

12 ай мерзімдегі депозитте – 15,7%;

24 ай мерзімдегі депозитте – 13%;

Жинақ депозиттерінің толықтырылатын түрінде:

3 ай мерзімдегі депозитте – 15%;

6 ай мерзімдегі депозитте – 15,5%;

12 ай мерзімдегі депозитте – 14,5%;

24 ай мерзімдегі депозитте – 12,2%;

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
279
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл