| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Балалардың терезеден құлап кету жағдайларының көпшілігі ересектердің немқұрайлылығы мен қауіпсіздік талаптарының сақталмауы салдарынан орын алады. Әсіресе жаз мезгілінде мұндай қайғылы оқиғалардың саны арта түседі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Көп жағдайда балалар москит торларына сүйеніп, оны сенімді тірек ретінде қабылдайды. Алайда москит торлары тек жәндіктерден қорғауға арналған және баланың салмағын көтере алмайды. Нәтижесінде, тор сынып немесе орнынан шығып кетіп, бала биіктіктен құлап кетуі мүмкін.
Сонымен қатар, терезе маңына қойылған жиһаз (диван, орындық, үстел) балалар үшін қауіпті «саты» қызметін атқарып, олардың терезеге оңай шығуына мүмкіндік береді.
ТЖМ айғылы жағдайлардың алдын алу үшін төмендегі сақтық шараларын ұсынады:
• баланы ашық терезесі бар бөлмеде қараусыз қалдырмаңыз
• москит торына сенуге болмайтынын есте сақтаңыз
• терезе маңынан барлық жиһазды алыстатыңыз
• терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын (блокираторлар, шектеуіштер) орнатыңыз
• балаға терезенің қауіпті екенін үнемі түсіндіріп отырыңыз
Есіңізде болсын: бала бір сәтте-ақ көзден таса болып, қауіпті жағдайға тап болуы мүмкін.
Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің тікелей жауапкершілігінде. Әр ата-ана мен қамқоршы қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, орны толмас қайғының алдын ала алады.