Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Терезенің алдына су қоюға болмайды: Мамандар ескерту жасады
Маман пікірі

Терезенің алдына су қоюға болмайды: Мамандар ескерту жасады

13.07.2023
1 мин
2
1963
paryz.kz

Терезенің алдына су қоюға болмайды. Петропавл қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері осындай ескерту жасады.

ҚазАқпарат мәліметінше, өткен жексенбіде Петропавлда ерекше оқиға болған. Атап айтқанда, 9 шілде сағат 20:20-да 101 номеріне Ш. Уәлиханов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерлердің бірінің балконында түтін көрінгені туралы ақпарат түседі. Пәтер құлыптаулы болған, ал ешқандай өрт белгілері көрінбейді. Анықталғанындай, жоғары қабатта тұратын көршілері түтінді байқаған. Балконның сыртына бекітілген гүл өсіруге арналған ағаштан жасалған қорап тұтанған болып шықты. Ол күннің ыстығынан жана бастаған.

СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне балконға автосатымен көтеріліп, өрт көзін сөндіру үшін бір шелекке толмайтын су жеткілікті болды. Мамандар өртке үйдің жоғарғы қабаттарынан түскен темекі тұқылының себеп болғанын анықтады.

Осы орайда, өрт сөндірушілер қауіпсіздікті еске салады:

- Балконда еріткіштерді, бояуларды ұстау өте қауіпті.

- Балконды қажетсіз заттармен толтырмаған дұрыс.

- Оттықты қалдырмаңыз, күн сәулесінен қызған кезде ол жарылып кетуі мүмкін.

- Балконға, терезе алдына су қоймаңыз, олар үлкейткіш әйнек сияқты жарық сәулесін шоғырландыруы мүмкін!

- Өрт тұтанса, дереу «101» телефон номері арқылы хабарлау керек. Егер өрт күшейіп кетсе, жел үрлеп кетпеу үшін есікті және терезелерді мықтап жауып, балконнан дереу шығыңыз. Көршілерге өрт туралы ескертіңіз.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
301
2 Пікір
D
DR. LOUIS 25.07.2023
Бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Сіз қаржылық дағдарысқа байланысты бүйрегіңізді ақшаға сату мүмкіндігін іздеп жүрсіз бе және не істеріңізді білмейсіз бе? Олай болса бүгін бізге хабарласыңыз, біз сізге бүйрегіңізге жақсы соманы ұсынамыз, өйткені біздің емханаға шұғыл түрде бүйрек қажет. Веб-сайт: https://stlouishospital.business.site Электрондық пошта: dr.louisclinic@gmail.com WhatsApp: +60183956897 Бағасы: $650,000$
Жауап беру
Н
Нуриддин 13.07.2023
Қызықты мақала.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл