Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Терроризм туралы жалған ақпарат тарату — қылмыс: ІІМ ата-аналарға үндеу жасады
Жаңалықтар

Терроризм туралы жалған ақпарат тарату — қылмыс: ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

08.01.2026
мин
0
233

Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті ата-аналарға терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламаларды таратуға жол берілмейтінін еске салады, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар қоғамдық қауіпсіздікке нақты қатер төндіріп, адамдарды жаппай эвакуациялауға, мемлекеттік органдардың, білім беру, медицина және басқа да әлеуметтік нысандардың қалыпты жұмысының бұзылуына әкеп соғады. Сонымен қатар төтенше жағдай қызметтерінің елеулі күштері мен құралдарын негізсіз жұмылдыруға себеп болады.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бұл қылмысты жасағаны үшін заңнамада бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылғанын еске салады.

Осындай барлық хабарлама міндетті түрде тексеріледі, ал оларды таратқан тұлғалар заманауи цифрлық және техникалық құралдарды пайдалану арқылы анықталады.

Киберқылмыстардың алдын алу үшін азаматтарға:

  • тексерілмеген ақпаратты таратпау;
  • интернетте, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған қоңыраулар мен хабарламалар жасамау;
  • балаларға терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар үшін ата-аналардың жауапкершілігі бар екенін түсіндіру;
  • қауіп төндіретін хабарламалар алған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлау ұсынылады.

Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға және цифрлық кеңістікте жауапкершілікпен әрекет етуге шақырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл