Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Төлем қабылдаудан бас тартқан кәсіпкерлерге айыппұл салынады
Жаңалықтар

Төлем қабылдаудан бас тартқан кәсіпкерлерге айыппұл салынады

04.01.2024
1 мин
5
943
Фото: matrica.kz

Кәсіпкерлердің ақшаны тек қолма-қол қабылдау туралы талабына қатысты қазақстандықтардың шағымдарына Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды Dauletten.kz, Tengrinews сайтына сілтеме жасап.

Жаңа жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қазақстандықтардың мобильді аударымдарын тексеру басталды. Ал азаматтар кәсіпкерлердің тауарлар мен қызметтерді сату үшін онлайн төлемдерді қабылдаудан бас тартып, қолма-қол ақша талап етіп жатқанына шағымдануда.

Осы мәселеге қатысты Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді.

«Төлемді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады, өйткені «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларында төлемнің әртүрлі тәсілдері көзделген - банк картасы, QR немесе қолма-қол ақша арқылы (25-бап). Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, бірінші рет - ескерту, қайталап бұзған жағдайда - 40 АЕК немесе 147 680 теңге көлемінде айыппұл», - деп жауап берді МКК баспасөз қызметі.

Төлемді қабылдамаса, мемлекеттік кіріс органдарына хабарласу қажет. Олардың байланыс мәліметтерін мына сілтемеден табуға болады.

Ведомство 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсыруы тиіс екенін, сондықтан кәсіпкерлік қызметтен алынған кірістерді сенімді түрде көрсету маңызды екенін еске салды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
5 Пікір
Х
Хххххххх 05.01.2024
Біздің ауылдың дүкендерінде сол перевод алмаймыз енді деп жатыр. Қолма қол АКША сұрап жатыр.
Жауап беру
Б
Балхадиша 05.01.2024
Перевод кабылдамаса клиент азаяды и онлайн да саудасы болмайды..халык QR,перевод бар жерді издейді и сонда барады деп ойлайм..кабылдамайтындардын саудасы болмайд и клиент жогалтады...
Жауап беру
А
Айнур 04.01.2024
Салиметсизбе Биздерде де сондай жагдай перевод кабылдамайды, кейбир дукендер 10%тамактын устине косып отир бизден налог устайды деп бул жерде арине ен биринши айналип келип кара халык зардабын шегип отир
Жауап беру
Н
Нұргүл 04.01.2024
Біз жактағы кейбір магазиндер каспиймен төлем қабылдау үшін тағы 10% қосып төлетіп жатыр халыққа
Жауап беру
У
Улжан Кенжебаева 04.01.2024
Жетысай каласында наглый кабылдамай жатргоой перевод жок деп
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл