| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне заңмен шектеу қою ұсынысын қолдады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысы бұл бастама балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталғанын айтты. Оның сөзінше, мұндай талап қазір әлемнің бірқатар елінде енгізіліп жатыр.
Сонымен қатар Тоқаев заң қабылданған жағдайда оның іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ететін тиімді тетіктерді алдын ала қарастыру қажет екенін атап өтті.