| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақордада Армения президенті Ваагн Хачатурянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Ол Қазақстанға ресми сапармен келді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды.

Құрметті қарауыл ротасының бастығы сәлемдесу баяндамасын жасады, екі елдің әнұрандары орындалды.


Рәсім аяқталғаннан кейін президенттер келіссөздер залына өтті.
Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения президенті Ваагн Хачатурян Қазақстанға ресми сапармен келді. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қазақ-армян ынтымақтастығын саясат, сауда-экономика және мәдени-гуманитарлық салаларда одан әрі нығайтудың перспективалары талқыланады.