| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен ресми кездесіп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тоқаевтың сөзінен:
- Аса құрметті Никол Воваевич, Қазақстанға қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыз екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға үлкен үлес қосады. Бұл – Қазақстанға алғашқы ресми сапарыңыз. Қазақ халқы Арменияның тарихы мен мәдениетіне терең құрметпен қарайды. Сапар барысында бірқатар маңызды келісімге қол қойылады, – деді Қасым- Жомарт Тоқаев
Өз кезегінде Никол Пашинян Қазақстанға ресми сапармен келу – үлкен мәртебе екенін айтып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне үміт білдірді.
- Қазақстанға ресми сапармен келу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді. Былтырғы Қазақстанға жасаған сапарыңыздан кейін қол қойылған келісімдердің кейбірі жүзеге асырылды, қалғандары орындау үстінде, – деді ол.
Кездесу барысында тараптар бірқатар маңызды келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.