| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Тоқаев әскерде қаза тапқан сарбаздар ісі бойынша Бас прокурорға тапсырма берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды.
Еске сала кетейік, Астанада Қорғаныс министрлігі алдында балаларының өліміне байланысты әділ тергеу талап еткен аналарды полиция ұстады. Наразылық күні бойы жалғасқан. Кешке қарай бірнеше ана Байқоңыр аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді.