Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев: Азаматтар бірін-бірі белгілі бір тілде сөйлеуге мәжбүрлемеуі керек
Жаңалықтар

Тоқаев: Азаматтар бірін-бірі белгілі бір тілде сөйлеуге мәжбүрлемеуі керек

24.04.2025
1 мин
0
63
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде тіл мәселесін желеу етіп қоғамда алауыздық тудыруға бағытталған кез келген әрекетке заң аясында қатаң тосқауыл қойылатынын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Президенттің мәлімдеуінше, қазіргі таңда түлектердің шамамен 80 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуді мемлекеттік тілде тапсырады. Сондай-ақ биыл алғаш рет мектепке баратын балалардың 70 пайыздан астамы қазақ тілінде білім алмақ.

- Елімізде ешкім азаматты немесе мінберде сөз сөйлеп тұрған адамды белгілі бір тілде сөйлеуге мәжбүрлеуге тиіс емес. Тіл мәселесін сылтау етіп, ел ішіндегі тұрақтылықты бұзуға тырысатын кез келген әрекет заңмен жазаланады. Бұл бағытта шетелде отырып, түрлі ұйымдардың қаржылай қолдауымен деструктивті әрекетке барған арандатушылар да назардан тыс қалмайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, өткен жылы Ұлттық құрылтай отырысында мемлекетіміздің басты құндылықтары ретінде бірлік, отаншылдық, тәуелсіздік және келісім атап көрсетілген.

- Сондықтан тағы да ерекше атап өткім келеді: ел ішіндегі татулық пен тұрақтылыққа сызат түсіргісі келетіндер заң алдында қатаң жауап береді. Ал керісінше, бірлік пен ынтымақты нығайтуға атсалысып жүрген азаматтар әрдайым ерекше құрметке ие болады, – деп түйіндеді мемлекет басшысы.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл