Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді қарсы алды
Жаңалықтар

Тоқаев Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді қарсы алды

20.06.2023
1 мин
0
437

Бүгін «Ақорда» резиденциясында Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарламада айтылғандай, құрмет қарауылының бастығы басшыларына рапорт беріп, сондай-ақ Қазақстан мен Германияның әнұрандары орындалған.

Айта кетейік, 19-21 маусым күндері Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

Сапар аясында екі ел басшылары келіссөздер жүргізеді. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге, көлік-логистикалық және энергетикалық  қатынастарды дамытуға, сондай-ақ гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге баса мән беріледі. Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестіктің жай-күйі мен оны нығайту перспективалары қарастырылады. 

Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр. 

Сонымен қатар Германияның Федералды Президенті Қазақстан мен Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйлейді. 

Бұдан бөлек, екі ел президенттері қазақ-герман бизнес форумына қатысады. 

Франк-Вальтер Штайнмайер сапар аясында Маңғыстау облысына барып, өңірдің экономикалық әлеуетімен танысады. 

ГФР Президенті Қазақстан-Германия инжиниринг институтының ашылуына және Svevind швед-герман компаниясының жасыл сутегі өндіретін зауытының сынама бұрғылау жұмыстарын бастау рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.

Франк-Вальтер Штайнмайер Маңғыстау облысына сапармен баратын алғашқы еуропалық президент болмақ.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл