Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады
Жаңалықтар

Тоқаев ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

03.03.2026
мин
0
94
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке елдегі криминогендік ахуал туралы және қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды.

Ержан Сәденов:

➤ биылғы екі айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қылмыс деңгейі 8 пайызға төмендегенін жеткізді. ????Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,3 мыңға аз. ????Құқықбұзушылықтың негізгі санаттарындағы көрсеткіш төмендеп, қылмыстарды ашу деңгейінің артқаны байқалады. ????Интернет-алаяқтыққа қарсы жүйелі күрес жалғасуда. Алдын алу шаралары және шетелдік құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылдың арқасында киберқылмыс көлемі 4 пайызға төмендеді. ????Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл аясында 71 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 11 топтың қызметі тоқтатылды. ????Есірткі қылмысына қарсы күрес белсенді түрде жүргізіліп келеді: бес есірткі зертханасы жойылды. 881,5 кило әртүрлі есірткі заттарының, соның ішінде 104 килодан астам синтетикалық есірткінің заңсыз айналымға енуіне жол берілмеді.

➤ көшелердегі құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін цифрлық шешімдерді кеңінен қолдану, көші-қон бақылауын күшейту және жазадан бұлтартпау жөніндегі шаралар туралы мәлімет берді. ????Азаматтарды қорғауға бағытталған заңнамалық бастамаларға ерекше назар аударылды.

2025 жылы «Құқықбұзушылықтың алдын алу туралы» Заң қабылданды. Дропперлік, сталкинг және некеге мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.

Мемлекет басшысы елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл