| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек күндері Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сапар барысында Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, бірқатар мемлекет пен халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар АҚШ-тың ірі бизнес өкілдері қатысатын дөңгелек үстел өтеді. Президент әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен де кездесіп, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылайды.