480.72
548.07
6.14
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев Парламенттің 30 жылдағы жұмысына баға берді
Жаңалықтар

Тоқаев Парламенттің 30 жылдағы жұмысына баға берді

30.06.2026
мин
0
133
Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қос палаталы Парламент 30 жыл ішінде елдің құқықтық жүйесі мен мемлекеттік институттарының қалыптасуына елеулі үлес қосты. Осы уақыт аралығында шамамен 3,5 мың заң қабылданған, —деп хабарлайды Dauletten.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында қос палаталы Парламенттің 30 жылдағы қызметіне баға берді.

Мемлекет басшысы бұл жиын тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бір кезеңнің аяқталып, елдің жаңа даму кезеңіне қадам басқанын білдіретінін айтты.

Президенттің сөзінше, жаңа институционалдық модельге көшкен заң шығарушы орган мемлекеттілікті нығайтуға, құқықтық жүйені қалыптастыруға және нарықтық экономиканы дамытуға елеулі үлес қосты.

- 30 жыл ішінде аса қажет 3,5 мыңға жуық заң қабылданды. Оның әрбір оныншысының бастамашысы – депутаттар. Заң шығару жүйесінің қалыптасуына елімізге және халықаралық қауымдастыққа танымал саясаткерлер мен мемлекет қайраткерлері атсалысты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент олардың еңбегі Парламент тарихында ерекше із қалдырғанын атап өтті. Сондай-ақ заң шығарушы органның қоғам сұранысына жедел жауап беретін институт ретінде қалыптасқанын айтып, жоғары парламенттік мәдениетті Қазақстан дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі деп бағалады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл