485.55
563.38
6.81
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев Путин сапарындағы екі негізгі келісімді атады
Жаңалықтар

Тоқаев Путин сапарындағы екі негізгі келісімді атады

28.05.2026
мин
0
171
Сурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген басты екі маңызды келісімге тоқталды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, сапар аясында екі негізгі бағыт ерекше мәнге ие болды. Біріншісі — Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық одақтастықты нығайтатын жаңа бірлескен мәлімдеме.

Президент бұл құжатты дайындау барысында жеке өзі жұмыс істеп, бірқатар түзетулер енгізгенін атап өтті.

Екінші маңызды мәселе — Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі келісім. Мемлекет басшысы бұл бастаманы қолдағаны үшін ресейлік тарапқа алғыс білдірді.

Тоқаев сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасында шешілмеген даулы мәселелер жоқ екенін айтты.

- Сіздің сапарыңызды біздің мемлекеттер арасындағы ерекше қатынастардың дәлелі, сондай-ақ жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан әрі дамытуға деген берік ниеттің көрінісі деп санаймын, — деді Президент.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл