Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақорданың ресми ақпаратына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Путинді Ресейдің басты мемлекеттік мейрамы – Ресей күнімен құттықтады.
- Екі ел арасындағы достық пен тату көршілік қарым-қатынас жоғары деңгейде. Бұл байланыстар стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухына толық сәйкес келеді, – делінген жеделхат мәтінінде.
Сонымен қатар, Тоқаев Владимир Путинге елінің өркендеуі жолындағы маңызды мемлекеттік қызметінде табыс тіледі.