| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс жариялады. Бұл туралы президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Берік Уәли бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді, - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қарағанды облысының Саран қаласында жылыту маусымы уақытында басталмағаны үшін әкім Еркін Баулықов қызметінен босатылған еді. Оның орнына қала әкімінің міндетін уақытша атқару жауапкершілігі Мақсат Қайрешовқа жүктелді.