Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев Қатар әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Жаңалықтар

Тоқаев Қатар әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

18.12.2023
1 мин
1
401
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz, Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және Қатар халқын ұлттық мерекесімен құттықтады.

"Бүгінде еліңіз экономикасы қарқынды дамыған, өңірлік және жаһандық тұрғыдан кеңінен мойындалған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі ретінде танылды. Әсіресе, Сіздің басшылығыңызбен жүргізіліп жатқан бітімгерлік бастамалар мен әлемдік деңгейдегі шаралар осыған дәлел бола алады. Осы тұста Сіздің сындарлы көшбасшылығыңызбен еліңіз алдағы уақытта да өркендеп, мақсат-мұраттарға жете беретініне сенімдімін. Қатар Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі басты серіктестерінің біріне айналып, сындарлы да мазмұнды қатынастарымыздың нығая түскенін ерекше атап өтемін. Болашақта дәстүрлі достық пен бауырластық рухындағы берік ынтымақтастығымыз жалғасын тауып, халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне зор үміт артамын", - деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Қатар халқына бақ-береке тіледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
294
1 Пікір
Г
Галия 18.12.2023
Салематсыз ба Катар мемлекетине медицина саласына жумыска шакырып жатыр.барсак боладыма екен
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл