481.54
553.24
5.93
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Жаңалықтар

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

30.03.2026
мин
0
135
Сурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясының қорытындыларын қарады және 2026-2030 жылдарға арналған жаңа стратегия жобасын талқылады, — деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, Қазақстанның 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру қорытындыларын тыңдады. Үкімет негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу туралы есеп беріп, бірқатар салалық мемлекеттік орган басшылары өз бағыттары бойынша баяндама жасады.

Мемлекет басшысы геосаяси ахуалды ескере отырып, қоғамдық, экономикалық, экологиялық, су және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, отырыста 2026-2030 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасы қаралды. Бұл құжат алдағы бес жылда туындауы мүмкін қауіптер мен сын-қатерлерге қарсы әрекет ету жолдарын айқындайды.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин орта мерзімге арналған басымдықтар, стратегиялық тәуекелдерді басқару механизмдері және мақсатты көрсеткіштер жөнінде баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны қабылдау елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғауда маңызды қадам болғанын және аталған стратегияның конституциялық қағидаттарды сақтай отырып, тұрақты әрі қарқынды дамуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мемлекет басшысы ұлттық мүддені қорғау міндеттерін орындаудың маңыздылығын ерекше атап, оған қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, азаматтарды, қоршаған ортаны және ақпараттық кеңістікті қорғау, киберқауіпсіздікті күшейту, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тәуекелдерді азайту шаралары кіретінін айтты. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев экономика, білім және технология салаларында сұранысқа ие шетелдік мамандарды тартуға қолайлы жағдай жасайтын бағдарламаны жедел әзірлеуді тапсырды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл