| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы атысты тоқтату жөніндегі келісімді құптады. Келісім Пәкістанның араағайындығы арқылы жасалды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыста атысты тоқтату жөніндегі келісімді қолдайтынын мәлімдеді. Ақорданың хабарлауынша, келісімге Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф пен елдің қарулы күштері қолбасшысы Асим Мунирдің араағайындығы арқылы қол жеткізілді.
Ақорда ақпаратында атап өтілгендей, келісімнің жасалуы АҚШ президенті Дональд Трамптың, Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ қақтығысқа қатысқан тараптардың ізгі ниеті мен келіссөздегі парасаттылығының нәтижесі болды.
Президент Тоқаев бұл бітімгершілік келісімнің тек қақтығысты тоқтатып қана қоймай, әлемдік сауда мен экономиканың дамуына оң ықпал етуіне бағытталғанын айтты. Ол келісімнің ұзақ мерзімді болуына үміт білдірді.