| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкекке барды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Манас әуежайында еліміздің басшысын Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент әкімшілігінің жетекшісі Ақылбек Жапаров қарсы алды.
Айта кетсек, бұған дейін Қырғызстанның БАҚ-ында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бішкектегі Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммитіне қатысатыны туралы ақпарат тараған болатын. Мемлекет басшысының кеңесшісі баспасөз хатшысы Берік Уәли Президенттің жоспарлары туралы:
- Париждегі бағдарлама аяқталғаннан кейін мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммитіне қатысу үшін 6 қараша күні Бішкекке барады, - деп түсіндірді Берік Уәли.
Айта кетейік, ТМҰ саммитінің басты тақырыбы "Түркі әлемін нығайту: экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және баршаның қауіпсіздігі" болады.
