| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиді Республика күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Үндістанның демократиялық даму жолындағы айтарлықтай жетістіктерін, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және технологиялық салалардағы табыстарын ерекше атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиге достас Үндістан халқының игілігі мен дамуы жолындағы маңызды мемлекеттік қызметінде сәттілік тіледі. Президент қазақ-үнді қарым-қатынастарының берік достық пен стратегиялық серіктестікке негізделгенін атап өтіп, екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.