Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чоу Мемлекет басшысына ерекше құрмет ретінде тоғызыншы дан қара белбеуін сыйлады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чоуды қабылдады. Кездесу барысында федерация басшысы Президентке ерекше құрмет белгісі ретінде тоғызыншы дан қара белбеуін табыс етті.
Тоқаев таеквондоның спорттық қана емес, тәртіп пен өзара құрметке негізделген философия екенін атап өтті. Ол 2025 жылы елордада өтетін G1 санатындағы Kazakhstan Open халықаралық турнирі қазақстандық спортшылардың кәсіби дамуына ықпал ететінін айтты.
Чунгвон Чоу Қазақстандағы таеквондоның дамуына жоғары баға беріп, еліміздің спортшыларының халықаралық жетістіктерін атап өтті.