Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
АҚШ президенті Дональд Трамп 8 мамырды Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оның айтуынша, бұл күнді көптеген одақтастар атап өтсе де, жеңіске ең көп үлес қосқан ел – АҚШ.
– Біз Екінші дүниежүзілік соғыста барлығынан артық еңбек еттік. Сондықтан 8 мамыр – Жеңіс күні, ал 11 қараша – Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні болуы тиіс. Біз екі соғыста да жеңдік. Ешкім бізге тең келмеді – ерлік, күш, әскери шеберлік жағынан. Бірақ біз жеңістерімізді атап өтуді қойдық. Себебі бүгінде бұл іске лайықты көшбасшылар жоқ. Енді біз жеңістерімізді тойлауға қайта ораламыз! – деді Трамп.
Айта кетейік, 8 мамыр Еуропаның көптеген елінде нацизм үстінен жеңіс күні ретінде атап өтіледі. Ал 11 қараша Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күні ретінде белгілі.