Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Трамп Еуроодақ тауарларына салынатын тарифті арттыруды кейінге қалдырды
Жаңалықтар

Трамп Еуроодақ тауарларына салынатын тарифті арттыруды кейінге қалдырды

26.05.2025
1 мин
0
217
Сурет: Dauletten.kz

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодаққа қатысты тарифті көтеру туралы шешімнің 9 шілдеге дейін шегерілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Фон дер Ляйен бұл жөнінде X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Трамппен телефон арқылы сөйлескенін жазды.

- ЕО мен АҚШ – әлемдегі ең маңызды әрі тығыз сауда серіктестері. Еуропа келіссөздерді батыл әрі шапшаң жүргізуге дайын. Жақсы келісімге келу үшін бізге 9 шілдеге дейін уақыт қажет, – деді Еурокомиссия басшысы.

Кейін Трамп фон дер Ляйеннің жазбасынан скриншот жариялап, жаңа тарифтердің енгізілуі 9 шілдеге дейін кейінге қалдырылғанын растады. Ол бұл бастаманың фон дер Ляйен тарапынан болғанын атап өтті.

- Мен 2025 жылдың 9 шілдесіне дейін кейінге шегеруге келісім бердім – бұл маған ұнады. Комиссия басшысы келіссөздердің тез басталатынын айтты, – деп жазды Трамп.

Еске сала кетсек, өткен аптада Трамп Еуроодақтан импортталатын барлық тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізу жоспарын жария еткен болатын.

Сондай-ақ, наурыз айының соңында ол Еуроодақ пен Канаданы егер олар “АҚШ экономикасына зиян келтіру мақсатында” бірігіп әрекет етсе, бұдан да қатаң тарифтермен қорқытқан еді.

Ақпан айында Трамп ЕО-дан әкелінетін тауарларға, соның ішінде автокөліктерге 25 пайыздық тариф салынатынын мәлімдеген.

Сонымен қатар, өткен аптада ол Apple компаниясына егер олар iPhone өндірісін АҚШ-тан тыс жерде жалғастырса, кемінде 25 пайыздық тариф салынатынын ескерткен.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл