Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Цифрлық даму министрлігі
Жаңалықтар

Цифрлық даму министрлігі "Қолжетімді интернет" Ұлттық жобасының жоспарымен бөлісті

17.11.2023
1 мин
0
260
Фото: montsame.mn

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Қолжетімді Интернет" атты байланыс саласындағы пилоттық жоба жұмысын түсіндірді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда халықты және бизнесті Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету үшін қала мен облыстарда телекоммуникациялық инфрақұрылым құрылған. Алайда ауыл аймақтарында интернет жылдамдығы мәселесі әлі де өзекті. Брифингте Цифрлық теңсіздікті төмендету мақсатында ауылдық елді мекендерге кең жолақты қолжетімділік желісінің енуін сапалы арттыру қажеттігі мәселесі талқыланды. 

"Цифрлық теңсіздікті төмендету мақсатында ауылдық елді мекендерді тиісті оптикалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажет. Урбанизация мен экономикалық орындылықты ескере отырып, талшықты-оптикалық байланыс желілерін 3000 ауылдық елді мекенге жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, ADSL технологиясы дауысты және деректерді 10 Мбит/сек жылдамдықпен қарапайым "мыс" телефон арналары арқылы бір уақытта жіберуге мүмкіндік береді, бұл қазіргі уақытта абоненттердің қазіргі қажеттіліктеріне сәйкес келмейді. Осыған байланысты, ADSL (мыс сымдар бойынша) технологиясын Интернетке кең жолақты қолжетімділіктің жоғары жылдамдықты технологияларына ауыстыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады", – деді ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникация комитеті сымсыз байланыс жобаларды дамыту және мониторингілеу басқармасының басшысы Олжас Кабенов.

Әкімшілік-аумақтық объектілердің статистикасына сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 6 290 ауылдық елді мекен бар, оның ішінде 4 858 (76%) Интернетке мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етілген (оның ішінде 4G – 2 813 АЕМ (ауылды-елді мекен – ары қарай АЕМ), 3G – 2045 АЕМ технологиясы бойынша). Сондай-ақ 6 290 АЕМ-нің 4 664 АЕМ-де тіркелген Интернетке қолжетімділік бар, оның ішінде 2 063 АЕМ ADSL технологиясы бойынша, ал 2 601 АЕМ оптика арқылы қосылған.

Өздеріңізге мәлім, биыл 5G жаңа мобильді желісін енгізу басталды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылдың соңына дейін Республикалық маңызы бар қалалар аумағының 75% -і, облыс орталықтары аумағының 60% -і 5G технологиясымен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

"5G технологиясы мемлекет пен бизнес үшін, қолданушылар үшін, ақылды қалалар мен сервистерді дамыту үшін анағұрлым тиімді, бұл елдегі цифрландыру қарқынын айтарлықтай жеделдетеді", - деп атап өтті Олжас Кабенов.

Радиожиілік спектрін тиімді пайдалану және Қазақстан Республикасының аумағында ұялы байланыс сапасын жақсарту шеңберінде ұялы байланыс операторларына жүктелген міндеттемелердің орындалуын бақылау талап етіледі.

"2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы абоненттерге сапасыз байланыс бергені үшін айыппұлдар ұлғайтылған заң жобасына қол қойды. Осылайша 2022 жылдың қорытындысы бойынша 1175 тексеру жүргізіліп, 1 млрд 670 млн теңге сомасына айыппұл жазылды (жеңілдікті ескере отырып бюджетке 835 млн теңге төленді. Ал 2023 жылдың басынан бастап 13 қарашадағы жағдай бойынша 677 тексеру жүргізіліп, 2 млрд 570 млн теңге сомасына айыппұл жазылды (жеңілдікті ескере отырып бюджетке 1 млрд 285 млн теңге төленді.)", - деді спикер.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
289
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл