Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Цифрлық құжаттар сервисіне көлік құралдары иелерінің сақтандыру полисі қосылды
Жаңалықтар

Цифрлық құжаттар сервисіне көлік құралдары иелерінің сақтандыру полисі қосылды

16.03.2023
2 мин
0
623

Күні кеше eGovMobile мобильдік қосымшасы тағы бір құжатпен толықты. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Dauletten.kz.

Бүгінде Азаматтардың жеке куәлік, паспорт, жүргізуші куәлігі және өзге де құжаттарын қамтитын цифрлық құжаттар сервисінде көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисі қолжетімді болды.

Сақтандыру полисі – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың міндетті түрі бойынша сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы шарттық қатынастардың дерегін растайтын құжат. Сондықтан оның мобильдік қосымшада болуы жүргізушілерге өте тиімді.

ҚР Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, басқа цифрлық құжаттармен ұқсастығы бойынша «сақтандыру полисі» қағаз құжатпен қатар заңды күшіне ие және сақтандыру компаниясы, сақтандыру полисінің мерзімі және басқа да ақпаратты қамтиды. Ондағы барлық мәліметтер «Мемлекеттік кредиттік бюро»АҚ ақпараттық жүйесімен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы көрсетіледі. Министрлік халыққа ыңғайлы болу үшін құжаттарды цифрландыру жұмысын жалғастырады.

Алдағы уақытта азаматтар өз құжатын мобильді қосымша арқылы электрондық форматта көріп қана қоймай, оның дұрыстығын тексере алады.

Айта кетейік, сақтандыру полисінің болуы немесе болмауы туралы ақпарат міндетті сақтандыру туралы Заңның талаптарын орындау үшін және азаматты сақтандыру шартының аяқталу мерзімін бақылау және өзге де мақсаттар үшін пайдалануға қажет.

 

Фото: ашық дереккөзден

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
301
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл