Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде өзін тұрғын үй қоры қызметкері ретінде таныстырып, телефон арқылы «Жас отбасы», «Нұрлы жер» және т. б. бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй беретінін айтатын алаяқтар (коллекторлық қызметтер) жұмыс істейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры».
«Олар қазір сіздің телефон нөміріңізге дерекқорға мәліметтерді енгізу үшін жазу керек SMS-код жіберілетіндігін айтады. Сіздің телефоныңызға коды бар «1414» нөмірінен SMS-хабарлама келеді. Азамат осы кодты айтқаннан кейін алаяқтар egov.kz жеке кабинетіне кіре алады», делінген хабарламада.
Алаяқтар egov.kz порталына кіру үшін «Бір реттік пароль арқылы кіру» қызметін қолданады. Сол уақытта сізбен сөйлесе отыра, телефон нөміріңізді енгізіп, «Кіру» түймесін басқаннан кейін телефонға жеке кабинетке кіру үшін SMS-код келеді. Сізден egov.kz порталдағы жеке кабинетке кіру үшін кодты сұрайды.
SMS-код «1414» ресми дереккөзінен келгендіктен, көптеген адамдар сөйлесу кезінде қоңырауға сенім білдіреді.
Тұрғын үй қоры азамттарды сақ болуға шақырады. Ешбір жағдайда SMS-кодты үшінші тұлғаларға хабарлауға және телефон арқылы жеке деректерді ұсынуға болмайтынын ескертеді. Аталмыш жағдайда полиция департаментіне барып, алаяқтық туралы хабарлауға болады. Сондай-ақ, тұрғын үй қорынан жылжымайтын мүлік мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға кезектілік тәртібімен немесе тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде өтінім берген жағдайда ғана беріледі.