Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тұрғын үй қоры мәлімдеме жасады
Жаңалықтар

Тұрғын үй қоры мәлімдеме жасады

04.08.2021
1 мин
0
2011

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» орталық атынан хабарласып, түрлі қызметтерді ұсынатын алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Қазіргі кезде өздерін орталық қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға баспана кезегінің ілгерілеуіне немесе белгілі бір төлем үшін тұрғын үйді кезексіз алу мәселесін тездетуге көмектесетінін айтып, қоңырау шалатын алаяқтар көбейді. Бұл жағдайда азаматтардан мұқият болуды сұраймыз», - делінген хабарламада.

«Тұрғын үй қоры» қызметкерлері баспана кезегін жылжыту, тұрғын үйді кезексіз алу мәселесін тездету мен азаматтардың жеке деректерін алмайтынын ескертті.

Орталық тарапынан мұқтаж жандар мен арнайы белгіленген санаттағы азаматтарға баспана тұрғын үй кезегінде тұру тәртібі шеңберінде беріледі. Сондай-ақ бастапқы жарна немесе құжаттарды рәсімдеу үшін төлем талап етілмейді.

Осы ретте, мамандар «Тұрғын үй қоры» тарапынан түрлі ұсыныс білдіріп, ақылы қызмет ұсынған жағдайда 102 нөмірі бойынша Нұр-Сұлтан қаласының полиция бөліміне хабарласуды сұрайды. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл