| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркістан облысында 800 жаңа жұмыс орны ашылмақ, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Түркістан облысында құны 42 млрд теңге болатын өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылу жоспарланып жатыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.
Келес ауданында жылына 25 мың тоннаға дейін қызанақ өндіретін "Ecoculture-Eurasia" жылыжай кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр.
Аталған жылыжай кешені өңірдің агроөнеркәсіптік дамуы мен еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Жалпы жобаның инвестициялық көлемі 42 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда 40 гектарда құрылыс қарқынды жүргізілуде. Жылыжай блоктарының металл құрылымдары орнатылып, ішкі және сыртқы желілер жүргізілді, қазандық және қосалқы отын қоймасы салынды. 8 жылыжай блогының төртеуі іске қосылған.
"Ecoculture-Eurasia" ЖШС-ның негізін қалаушы Алмас Дәуітовтың айтуынша, жоба толық іске қосылған соң 800 жаңа жұмыс орны ашылады. Кешен заманауи нидерландтық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.жылыжайлардың аумағы кезең-кезеңімен 500 гектарға дейін ұлғайтылады.
Кешенді іске қосу 2027 жылдың көктеміне жоспарланған.