Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Түркістан облысында ауыл шаруашылығын қолдау үшін 36,8 млрд теңге жұмсалады
Үкімет

Түркістан облысында ауыл шаруашылығын қолдау үшін 36,8 млрд теңге жұмсалады

24.02.2026
мин
0
101

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелеуге 36,8 млрд теңге қарастырылған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында өңірдегі көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндады. Ол Түркістан облысында осы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 8 мың гектарға артып 919 мың гектарға орналастырылатынын, егіс құрылымына сәйкес, мақта 17 мың гектарға, жүгері 15 мың гектарға, мақсары 16 мың гектарға артатынын мәлімдеді. Су шығынын алдын алу мақсатында күріш 7 мың гектарға және бидай 25 мың гектарға қысқартылады.

- Облыстың климаттық ерекшелігіне байланысты жер жырту, сор шаю жұмыстары қаңтар айынан басталып, қарқынды жүргізілуде. Ерте пісетін көкөніс дақылдар 15 мың гектарға егу жоспарланып, бүгінгі күнге, 4,5 мың гектарға егілді. Жалпы ерте мезгілдік 193 мың тонна қырыққабат, 36 мың тонна сәбіз, 35 мың тонна пияз, 153 мың тонна картоп өнімін жинау күтілуде, — деді Нұралхан Көшеров.

Оның айтуынша, аталған көлемдер облыстың ішкі қажеттіліктерінен 2-3 есе жоғары. Артық өнім республиканың басқа өңірлеріне сатылатын болады. Дала жұмыстарына қажетті тұқым, минералды тыңайтқыштар, кредиттік ресурстар бөлу шаралары атқарылуда. Тауар өндірушілер жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілді.

Минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында, отандық зауыттармен облысқа қажетті тасымалдау көлемі келісілді. Жол картаға сәйкес, осы жылы егіс алқаптарына 204 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізу жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді несиелендіруге 36,8 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бүгінгі күнге 7,2 млрд теңгеге 331 жоба қаржыландырылды. Дала жұмыстарын жүргізуге техникалар мен агрегаттар 98% дайындықпен жұмыстарды бастады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл