| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркістан облысы Шұбарсу ауылында жеке үйде болған улану салдарынан бір отбасының үш адамы қаза тауып, бір бала аман қалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылында жеке тұрғын үйде адам өліміне әкеп соққан оқиға болды. Бір отбасының үш мүшесі – ана мен екі баласы – түтінге уланудан қайтыс болды, ал тағы бір бала зардап шегіп, ауруханадан шығарылды.
Алдын ала болжам бойынша, апаттың себебі – үйдегі мұржаның тазаланбауынан шыққан түтін. Қазіргі уақытта өрт қауіпсіздігі қызметі мен құқық қорғау органдары оқиғаның нақты жағдайын анықтау үшін тексеріс жүргізіп жатыр.