Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Түркістанда 5 жастағы қызды зорлаған қылмыскерге үкім шықты
Жаңалықтар

Түркістанда 5 жастағы қызды зорлаған қылмыскерге үкім шықты

14.11.2023
2 мин
4
1506
Фото: pixbay

Арыста 5 жастағы қызға сексуалдық сипаттағы қысым жасап, аса жауыздықпен өлтірген қылмыскердің ісіне сот нүкте қойды. Іс Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігімен айып тағылды.

Сот материалдарына бойынша, 2001 жылы дүниеге келген сотталушы Арыс қаласында орналасқан №37 үйдің тұрғыны. Ол өзінің пәтерінен шығып, №39 мекенжайда орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің алдына келген. 1-ші сыртқы есіктің кіре берісінде (подъезд) 5 жастағы қыздың жалғыз ойнап жүргенін көріп, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін жасау қылмыстық пиғылы пайда болған. Содан көпқабатты тұрғын үйдің баспалдақ дәлізіне кіріп, 2-ші қабаттан 3-ші қабатқа көтерілетін баспалдақтың орта бөлігіндегі алаңшаға бүлдіршіннің қолынан жетектеп алып барып, ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізген. Кейін жас қызға сексуалдық сипаттағы қылмыстық әрекетін жасаған.

Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындаған. Ол өз ісін ішіне “жын кіріп кеткенін” айтып ақтаған. 

“Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады. Сонымен қатар сотталушы педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ”, - делінген Түркістан облыстық сотының мәліметінде.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында болған қайғылы оқиғаға қатысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев шығарылған сот үкімінің заңдылығын тексеріп, қылмыскерге қатысты аса қауіпті қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту маңызды екенін айтқан.

4 Пікір
Г
Гули 15.11.2023
Осылай жасарын жасап соттадып кетн берді. Қыздың жағдайы не болады. Ол ертең екі үш жыл отырады сосын бостандыққа шығады ол біздің Оңтүстікте дәстүр болып қалыпьасып қалған. Сонда үкімет оны қылмыс жасағаны үшін бағады. Қыздың жай күйі ешкімді қызықтырып отырған жоқ. Ертеңгі күні шығып келген соң ол тағы солай жасайды. Өйткені жаны тыныш жатады үкімет тағы асырайды. Қазақтың заңы желі. Оту жасасы кесілу керек еді. Сол кезде басқалай ойланады. Бірақ бізде ол қайдан болсын. Жемқорлыққа жатып қалғанбыз.
Жауап беру
Б
Балжан 14.11.2023
Ондай адамдарды атып тастай салу керек сонда азайатын шыгар..
Жауап беру
М
Молдир 14.11.2023
Ең үлкен күнә деп есептеймін, сол үшін де жазасыда үлкен болуы керек. Өлім жазасы болмасада , өмір бақи бас бостандығынан айырсын.Мейли өкімет бақсада, қайтып шықпайтындай қылсын, балаларымыз осындай адамдарды өмірінде жолықтырмайтындай...
Жауап беру
Н
Нұрбек 14.11.2023
Менің ойымша сот істі қарастырып үкім шығарарда сол қылмыс болған жерді көріп өз көзімен сосын тоқ етерін шешсе дұрыс болар деп ойлаймын
Жауап беру
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл