| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркістан облысында жеке үйде шыққан өрттің салдарынан 12 адамның өмірі қиылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Түркістан облысы Жетісай ауданында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Өкінішке қарай, оқиға салдарынан 12 адам қаза тапты, оның тоғызы – бала.
Өрт бүгін таңертең Алғабас ауылында басталды. Өрт сөндірушілер келгенде үй толығымен жалынға оранған еді. Үш адам ауыр жағдайда эвакуацияланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтып, зардап шеккендердің туыстарына барлық қажетті көмек көрсету және өрттің себептерін толық тексеруді Үкімет пен облыс әкімдігіне тапсырды.
Өрт жалпы 360 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.
Қазіргі уақытта арнайы қызметтер оқиғаның орнында жұмыс жасап, өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.