| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Келіссөздер Астана мен Түркістанда өтеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сапар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ұйымдастырылып отыр.
Кездесу барысында екі ел басшылары Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен болашағын талқылайды. Сонымен қатар Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысы өтпек.
Сапар аясында 15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады. Жиында “Жасанды интеллект және цифрлық даму” тақырыбы қарастырылатыны жоспарланған.