| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Алматы халықаралық әуежайында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Интерполдың Қазақстандағы Ұлттық орталық бюросының тапсырмасымен Түркия азаматын ұстады. Ол 67 интернет-алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасының мәліметінше, оған Түркияның құқық қорғау органдары халықаралық іздеу жариялаған.
- 2018 жылы күдікті үй жануарларын сату жөніндегі жалған интернет-хабарландырулар арқылы 67 адамды алдап, олардың ақшасын иемденіп, кейін Түркиядан қашып кеткен, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.