Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркияда 5,8 балдық жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша 02:17-де (Астана уақытымен 04:17-де) Мугла қаласының Мармарис ауданынан 10,43 шақырым қашықтықта тіркелді.
Жер сілкінісінің қуаты — 5,8 балл. Зілзала ошағы 67,91 шақырым тереңдікте орналасқан. TRT Haber телеарнасының мәліметінше, жер дүмпулері Түркияның бес қаласында және көршілес Грекия аумағында сезілген.
Апат салдарынан бір адам қаза тауып, 69 адам жарақат алған.