Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркияда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
21 қаңтарға қараған түні Карталкая тау-шаңғы шипажайында болған өрт салдарынан 66 адам қаза тауып, 51 адам жарақат алған. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 22 қаңтарды ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Ердоған қаза тапқан жандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендерге тезірек сауығып кетулерін тіледі.
Anadolu агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, елде және шетелдегі елшіліктерде мемлекеттік ту төмен түсіріледі.