Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Түркиядағы Қазақстан азаматы зілзаладан кейін хабарсыз кеткен
Жаңалықтар

Түркиядағы Қазақстан азаматы зілзаладан кейін хабарсыз кеткен

08.02.2023
1 мин
0
982

Мирболат Құрмашев атты азамат Түркиядағы жер сілкінісінен кейін байланысқа шықпаған. Сыртқы істер министрлігі оның ізделіп жатқанын хабарлайды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мирболат Құрмашев Хатай қаласында болған. Зілзаладан кейін байланысқа шықпаған.

Қазақстан азаматының жоғалғаны туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин де әлеуметтік желіде жазба қалдырды. Оның хабарлауынша Мирболат – Astana Hub өкілі, ВТ Мирус компаниясының иесі.

“Алматыдағы бауырының айтуынша, достарымен бірге Хатайда пәтер жалдап тұрған. Олар зілзаладан кейін байланысқа шықпаған. Бүгін туған-туыстары, достары, Astana Hub басшылығы, волонтерлер Мирболатты іздеу үшін Түркияға ұшады. Егер біреуде Мирболат туралы ақпарат болса, бауырына (+7 702 430 2021) хабарласуды өтінеміз”, – дейді Мусин.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияға көмек бергісі келетіндер қайда хабарласуға болатынын айтты. 

«Ол кісілерге айтарымыз: аталған мәселе бойынша Түркияның Қазақстандағы елшілігіне хабарласқан жөн болады. Олар бұл жұмысты ұйымдастырып жатыр», - дейді ол.

Фото: ашық дереккөз

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл