Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ҰБТ-ға дайындалу үшін қандай жағдайлар жасалды?
Жаңалықтар

ҰБТ-ға дайындалу үшін қандай жағдайлар жасалды?

19.01.2024
1 мин
0
953
Фото: ortalyq.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықты одан әрі жақсарту мақсатында көптеген жағдай жасап жатыр.

Оқу жылының басында ҰТО-ның сайтында ҰБТ-ға дайындалуға ұсынылған оқулықтар тізімі, үлгілік тест тапсырмалары, тест спецификациялары және жоспары жарияланды.

Талапкерлерге жылдағы дәстүр бойынша  Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы пәндерінен Тарих институтымен бірлесіп бекітілген 100 дата тізімі ұсынылды. Тестілеу барысында датаға қатысты кездесетін сұрақтар тек осы хронологиялық кестеден болады.

Сондай-ақ, ҰБТ-да «Қазақ әдебиеті» мен «Орыс әдебиеті» пәндерінен кездесетін шығармалар тізімі (мектеп бағдарламасынан), сондай-ақ «Информатикадан» ҰБТ сұрақтарында кездесетін немесе сұрақтың мазмұнын түсіну үшін қажет терминдер тізімі ҰТО сайтында орналастырылды.

«Талапкерлерге тиімді болу үшін ҰБТ-ға дайындалуға арналған байқау сынақтарын іске қостық. Байқау сынағын өту кезінде түсуші тест тапсырмаларымен танысуға және таңдаған пәндері бойынша өзінің білім деңгейін тексеруге мүмкіндік алады. Менің ойымша, бұл балаларға өз дайындықтарын одан әрі жақсартуға көмектеседі», - деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Сонымен қатар 2024 жылғы түлектер үшін білім беру орталықтарының қолдауымен тегін онлайн сабақтар жүргізіліп жатыр. Бұл сабақтар білім беру орталықтарының YouTube арналарында тікелей эфирде өтіп, сақталады. Талапкерлер кез келген уақытта оларды қайта қарай алады.

Осылайша, талапкерлерге негізгі емтиханға дайындықты жақсарту үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл