485.82
554.03
6.24
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ҰБТ мен ЖОО-ға түсуге уәде берген күдікті Албанияда ұсталды
Жаңалықтар

ҰБТ мен ЖОО-ға түсуге уәде берген күдікті Албанияда ұсталды

29.06.2026
мин
0
103
Сурет: Ғаламтордан

Албанияда ұсталған Қазақстан азаматы елге жеткізілді. Тергеу мәліметінше, ол ҰБТ-ға дайындау және жоғары оқу орнына оқуға түсіруге уәде беріп, ондаған азаматты алдап кеткен, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросы халықаралық іздеуде жүрген қазақстандықты елге қайтарды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті 2022–2023 жылдары интернет арқылы жоғары сынып оқушыларына Ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы дайындық ұйымдастыратынын және жоғары оқу орындарына кепілдікпен оқуға түсіретінін айтып, ақылы қызмет ұсынған. Алайда уәде етілген қызмет көрсетілмей, азаматтардың ақшасы иемденілген.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктінің әрекетінен 32 адам зардап шеккен. Ал келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі 28 миллион теңгеден асқан.

Оқиғадан кейін күдікті тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. Ол 2025 жылдың мамыр айында Албания аумағында ұсталып, кейін Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Аталған қылмыс дәлелденген жағдайда оның мүлкі тәркіленіп, үш жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл