Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ҰБТ нәтижесін саралау ережесіне өзгеріс енеді
Жаңалықтар

ҰБТ нәтижесін саралау ережесіне өзгеріс енеді

28.03.2022
1 мин
8
5463

Бұдан былай Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) тапсырушыларға қорытынды балмен бірге тақырыптық талдау қорытындысы беріледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Енді ҰБТ қорытындысы бойынша әр мектеп, облыс, тіпті пән бойынша талдау жасап, оны мектептердің жұмысын бағалау үшін пайдалануға шешім шығардық.

Электронды форматқа көшу енді тестілеуге тақырыптық талдау жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жаңалықты біз наурыз айындағы ҰБТ кезінде пилоттық режимде енгіздік», - деп жазды министр.

Айтуынша, енді түлек тестілеуді аяқтағаннан кейін жинаған ұпайларының нәтижесін ғана емес, сонымен қатар қандай тақырыптарды білетіні және қайсысына көңіл бөлу қажет екені туралы қосымша талдау алады. 

«Дәл осындай талдауды мектепке де, нақты пәнге қатысты да, аудан, облыс және жалпы республика көлемінде де жасаймыз. Бұл не береді? Бұл шешім тестілеушілерге қандай тақырыптарға назар аудару, қандай тақырыптарды күшейту керегін көруге мүмкіндік береді. Яғни сынаққа қатысушылар қазірдің өзінде өздерінің әлсіз тұстарын анықтап, жеке тақырыптарға көбірек уақыт бөліп, қателермен жұмыс істей алады», - дейді ведомство басшысы.

Асхат Аймағамбетов бұл тәсіл мұғалімдерге оқушылардың қандай тақырыптарда қиналғанын көруіне мүмкіндік беретінін айтады. 

«Мектепті алатын болсақ, мысалы, математика пәні мұғалімінің оқушыларының бір бөлігі кейбір есептерді нашар шығаратынын байқауға болады. Талдау себептерді анықтауға септігін тигізеді. Дәлірек айтқанда, мұғалімнің өзі түсіндіруде қиналатыны не бағдарламада уақыт жеткіліксіздігі, оқулықтағы сұрақтар мәселесі және тағы басқасы.

Тиісінше, талдауға байланысты оқу бағдарламаларын пысықтау, мұғалімдердің мақсатты түрде біліктілігін арттыру, біліктілікті арттыру бағдарламаларын өзгерту және т.б. бойынша шешімдер қабылдай аламыз. Жазғы ҰБТ қорытындысы бойынша әрбір мектеп, облыс, мұғалім және түлек осындай талдау алады», - деп жазады министр.

Сондай-ақ, ол бірнеше жыл бұрын ҰБТ қорытындысы бойынша мектептер рейтингін өткізуге тыйым салынған еске салды. Ал бұл жолғы бағалау мектептердің, мұғалімдердің, білім басқармаларының оқыту процесінде кеткен қателіктермен жұмыс істеуіне жол ашпақ. 

«Қазір қабылданған шешім өз рөлін атқарғанын, педагогтер мен мектептерге түсетін жүктемені азайтқанын көріп отырмыз. Яғни оқушылар ҰБТ-ға электронды форматта өз бетінше өтініш берді және оларды ҰБТ-дан шеттету, сондай-ақ тек тест арқылы ғана дайындау және әкімдіктердің облыс рейтингіне ықпал ету әрекеттері тоқтатылды», - деп жазды Асхат Аймағабетов.

 

 

Несиені қандай қажеттілік үшін алдыңыз?
8406 адам
тұрмыстық техника және электроника үшін 0%
тұрғын үй алу үшін 0%
көлік алу үшін 0%
той жасау үшін 0%
несие жабу үшін 0%
жеке кәсіп үшін 0%
емделу үшін 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
8 Пікір
Ж
Жанар. 03.04.2022
Өз бетінше білім алам ҰБТ дайындаламын ізденем ін денен балдарға мүмкіндік берсе екен. Мектеп әкімшілігі.
Жауап беру
К
Кенжегүл 02.04.2022
Сабақ программасы күрделі,оқушыға жүктем көп,
Жауап беру
Ч
Ч, ртрң 02.04.2022
Т ссиеичімп Аа у ыцёёіё шоссе
Жауап беру
С
Сымбат Сатаева 30.03.2022
Сәлкметсіздер ме.Ұбт ның сұрақтары өте күрделі. Балаларымызды қосымша оқуға жібермейді мектеп әкімшілігі. Неге қолдамайсыздар
Жауап беру
С
Сандуғаш 29.03.2022
Сәламатсыз ба ұбт 2 рет болу жағын қарастырып жатсыздар ма)онлайн оқыдық программа қиын (
Жауап беру
Ж
Жұлдыз 28.03.2022
Сәлеметсізбе ұбт тест тапсырар кезде көп балалы анаға көмек көрсетіледі ме екен , жеңілдік болама екен жегенімғой
Жауап беру
28.03.2022
Ешқандай жеңілдік жоқ
Жауап беру
28.03.2022
Ешқандай жеңілдік жоқ
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл